Отандық режиссерлер Мәдениет министрлігінің көмегінсіз-ақ ашаршылық туралы фильм түсірмекші

19 сен 2017 в 15:49

Алматы қаласында «MG production» кинокомпаниясы «Старт тайм» краудфандинг платформасымен бірлесе отырып «Ашаршылық» тарихи драмасын түсіру жұмыстарын бастайтынын мәлім етті. Фильм 1931-1933 жылдар аралығында қазақхалқының басынан өткен ашаршылық тақырыбына арналмақ. 

Отандық режиссерлер Мәдениет министрлігінің көмегінсіз-ақ ашаршылық туралы фильм түсірмекші

«Бұл фильмді түсіруге 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат қажет. Ол қаражаттың жартысын еуропалық кино қор бергелі отыр. «MG production» кинокомпаниясы да өз күшін, техникалық мүмкіндігін береді. Ал, халықтан, краудфандинг арқылы қажет соманың 10 пайызын ғана жинамақпыз. Нақтырақ айтқанда, біз халықтан 38 млн теңге жинауымыз қажет. Қаржы жинау акциясы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 38 мың қазақстандық 1 000 теңгеден көмектессе, сол қаржыны жинай аламыз. Бұл - үлкен асар. Тарихымыз үшін барлығымыз бірігіп көмектесейік. Көмектескен қазақстандыққа цифрлық форматтағы диск беріледі», - деді Әзиза Өтегенова.

«Ашаршылық» фильмінің сценарисі Марина Кунарованың айтуынша, фильмді түсіру жұмыстары қараша айында басталмақ.

«Фильм Қазақстан аумағында түсіріледі. Түсірілім қыс мезгілінде жүруі керек. Фильм 2017 жылдың қараша айында басталып, 2018 жылдың ақпан айында аяқталады. 2018 жылдың күзінде әлемдік прокатқа шығады. Фильмнің ұзақтығы - 103 минут. Еуропалықтар сценариймен танысып шыққаннан кейін бірден қолдау білдірді», - деді Марина Кунарева.

Еске сала кетейік, Қазақстанда алғаш рет краудфандинг арқылы «Қазақ елі» тарихи киносына қаражат жинау жүргізілген болатын. Онда қазақстандықтар 1,3 млн теңге жинады. 

HandMade Shop изделия ручной работы от хендмейдеров Казахстана

Мы предлагаем изделия ручной работы от hand made мастеров Казахстана, по самым доступным ценам. Приобретайте изделия и поддерживайте казахстанское производство. Каждое изделие пропитано любовью и большими трудолюбием.